Қазақстандық теннисші ширек финалда сүрінді
Теннисші Алан Құрманғалиев жарыс жолынан шығып қалды
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Чунцин қаласында (Қытай) өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатының 1/4 финалыннда өнер көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан чемпионатта Алан Құрманғалиев қытайлық Вень Жуйбомен кездесті. Айта кетуіміз керек, Вень Жубой – 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Бұл кездесуде отандасымыз қарсыласасына есе жіберіп, жарыс жолын ширек финалдан аяқтады.
Азия біріншілігіне қатысқан өзге қазақстандық теннисшілер топтық кезеңнен шыға алмады.