Күрес

Леви Хейнс Астанада алғаш рет әлем чемпионы атанды

Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында америкалық балуан Леви Хейнс 79 келіде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол ирандық Мохаммад Ноходиді 4:3 есебімен ұтты.

Америкалық балуан Леви Хейнс Астанада өткен 2026 жылғы еркін күрестен әлем чемпионатында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

79 келі салмақта өткен финалда Хейнс ирандық Мохаммад Ноходиді 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Бұл — Хейнс үшін әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медаль. Өткен жылы Хорватияның Загреб қаласында ол күміс жүлдегер болған еді.

Биыл америкалық балуан Панамерика чемпионатында да жеңімпаз атанды. Қазір ол Біріккен әлем күресі рейтингінде 79 келіде төртінші орында тұр.

Ал Мохаммад Ноходи әлем чемпионаттарының алты дүркін жүлдегері болғанымен, әлі күнге дейін алтын медаль иеленген жоқ.