Күрес

Сайхан Джемухаев Naiza 86 турнирінде чемпиондық белбеуін сақтап қалды

Қазақ файтері Сайхан Джемухаев Павлодарда өткен Naiza 86 турнирінің басты жекпе-жегінде Муратжан Юсуповты мерзімінен бұрын жеңді. Ол төртінші раундта тұншықтыру әдісімен басым түсіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды.

Қазақстандық Сайхан Джемухаев (6-1) Павлодарда өткен Naiza 86 турнирінің басты жекпе-жегінде жерлесі Муратжан Юсуповты (7-2) тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Титулдық айқас төртінші раундта, 4 минут 28 секундта аяқталды. Джемухаев мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпион атағын өзінде қалдырды.

Бұл кездесу алдында Джемухаевтың кәсіби рекорды бес жеңіс пен бір жеңілістен тұрған. Ал Юсупов үшін бұл жекпе-жек мансабындағы екінші жеңіліс болды.

Соглавный жекпе-жекте қазақстандық Сайран Сағындықов тәжіжікстандық Джума Давлатмамадовты төрешілердің басым дауысымен жеңіп, ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.