Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға»: «Дайын бол, мен саған келемін»
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альварестің Кристиан Мбиллиді жеңгенінен кейін мәлімдеме жасады. Ол мексикалық чемпионға тікелей үн қатып, өз ниетін ашық айтты.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (64-3-2, 39 KO) француз Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңген жекпе-жегіне пікір білдірді.
«Дайын бол! Мен саған келемін», — деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Эр-Риядта өткен бокс кешінде Сауль Альварес Кристиан Мбиллиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтып, WBC нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы атағын қайта иеленді.
Ал Жәнібек Әлімханұлы қаңтар айында осы салмақта бос тұрған WBO белбеуі үшін дат боксшысы Якоб Банкпен (20-0, 11 KO) жұдырықтасады.