Олимпиададан жүлде алмай келген спортшыға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды
Ел намысын үстел теннисінен қорғаған Кирилл Герасименко үйлі болды
Қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында тоғызыншы орын алған,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, спортшы жарқын және табысты өнері үшін құрметке бөленді.
- Бүкіл турнир бойы Кирилл тайсалмайтын ерік-жігерін, сөзсіз шеберлігін, кәсібилігін және нағыз мінезін көрсетті. Ол қазақстандық үстел теннисі шеберлері әлемнің ең мықты спортшыларымен бәсекеге түсе алатынын танытты. Оның нәтижесі Қазақстан үстел теннисі тарихында жаңа парақты ашты.
Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның еңбегін бағалап, марапаттауды ұйғардық. Жақында жаңа олимпиадалық цикл басталады. Біздің жоспарымыз үш лицензия жеңіп алу. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында, сондай-ақ ерлер арасындағы командалық жарыста лицензия иеленуді көздеп отырмыз, - деді федерация президенті Данияр Әбілғазин.