Күрес

UFC Vegas 124 турниріндегі Шон Брэди мен Габриэл Бонфим жекпе-жегі өтпейтін болды

UFC Vegas 124 турнирінің негізгі жекпе-жегі кейінге қалдырылды: Шон Брэди жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпайды. Ұйым қазір Габриэл Бонфимге қысқа мерзімде жаңа қарсылас іздеп жатыр.

Америкалық Шон Брэди мен бразилиялық Габриэл Бонфим арасындағы жекпе-жек UFC Vegas 124 турнирінің басты айқасы болуы тиіс еді, бірақ кездесу өтпейтін болды.

Брэди жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты. Жарақатының нақты сипаты жарияланған жоқ.

Қазір UFC Бонфимге қысқа мерзімде жаңа қарсылас табуға тырысып жатыр. Америкалық спортшы дивизион рейтингінде бесінші орында тұрса, Бонфим алтыншы сатыда келеді.

Бұл кездесу жартылай орта салмақта өтуі керек еді. Дәл осы салмақта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Брэди соңғы айқасында Хоакин Баклиді жеңсе, Бонфим бұрынғы UFC чемпионы Белал Мухаммадтан үстем түскен соң қатарынан бес жеңіске жетті.

Турнир 7 қараша күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Meta APEX аренасында өтеді. Соглавный жекпе-жекте америкалық Татьяна Суарес пен бразилиялық Вирна Жандироба минимал салмақта кездеседі.