Польшада Рыбакинаның маусымына жоғары баға берілді
Польшадағы теннис қауымдастығы Елена Рыбакинаның Нинбодағы жеңісінен кейін оның маусымын ерекше атап өтті. Қазақстандық теннисші жылдың соңын әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтауға жақын тұр.
Польшадағы теннис парақшасы Z kortu Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаның Нинбодағы табысынан кейін оның маусымына жоғары баға берді.
Парақша авторлары бұл жылды Рыбакина үшін арманға бергісіз маусым деп сипаттап, оның екі «Үлкен дулыға» титулын, әлемдік рейтингте бірінші орынға алғаш көтерілуін және бірінші ракетка мәртебесінде де турнир жеңіп алғанын ерекше атады.
Публикацияда қазақстандық теннисші WTA 500 жарысының Нинбо кезеңіндегі атағын қорғап қалғаны жазылды. Осы аптада одан бір ғана сет ала алған теннисші Катажина Кава болған.
«Енді тек күтпеген жағдай ғана Рыбакинаның жылды WTA рейтингінің бірінші сатысында аяқтауына кедергі келтіруі мүмкін», — делінген жазбада.
Финалда Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.
Бұл — Рыбакинаның маусымдағы төртінші, ал кәсіби мансабындағы WTA деңгейіндегі 15-ші титулы. Бұған дейін ол 2026 жылы Австралия ашық чемпионатының, Штутгарт турнирінің және АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған.