Дәрігер Шавкат Рахмоновтың сауығуына кедергі болып тұрған жайттарды айтты
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Алматыдағы ATP 250 турнирі кезінде спорттық медицина дәрігері Ролан Чанышевпен кездесті. Маман спортшының жарақаттан кейінгі сауығуын баяулататын бірнеше себепті анықтағанын айтты.
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Алматыда өтіп жатқан ATP 250 теннис турнирі кезінде спорттық медицина дәрігері Ролан Чанышевпен жолықты.
Чанышев бұл жөнінде өзінің инстаграм парақшасында жазып, әріптесі Сергей Егоровпен бірге турнир барысында Рахмоновқа медициналық көмек көрсеткенін жеткізді.
«АТР 250 Almaty Open турниріндегі жұмыс барысында әріптесім Сергей Егоровпен бірге UFC аясында өнер көрсететін, жартылай орта салмақтағы М-1 әлем чемпионы Шавкат Рахмоновқа көмек көрсеттік», — деп жазды Чанышев.
Дәрігердің айтуынша, тексеріс кезінде спортшының жарақаттан кейінгі қалпына келуін баяулататын бірнеше себеп табылған.
«Жарақаттан кейінгі сауығуын тежеп тұрған бірнеше себепті анықтадық», — деді маман.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Сол кездесуде ол кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді.