Дана Уайт: UFC турнирі Қазақстанда өте скоро өтеді
UFC президенті Дана Уайт ұйым Қазақстанда турнир өткізуге дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр.
UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир ұйымдастыру бағытында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
— UFC турнирін Қазақстаннан қашан көреміз? — Өте скоро. Біз осының үстінде жұмыс істеп жатырмыз, — деді Уайт.
Қазіргі таңда UFC тізімінде Қазақстанның бес өкілі бар: Шавкат Рахмонов (19-0), Асу Алмабаев (24-3), Дияр Нұрғожай (12-2), Николай Веретенников (14-8) және Алиби Идрис (10-1, 1 NC).
UFC бұрын Орталық Азияда турнир өткізбеген. Ұйымның негізгі жарыстары АҚШ-та, соның ішінде Лас-Вегаста жиі өтеді. Ал сырттағы тұрақты бағыттарының қатарында Канада, Бразилия, Ұлыбритания, Австралия және Біріккен Араб Әмірліктері бар.
Айта кетейік, Қазақстанда UFC-дің алғашқы турнирін 2020 жылғы 13 маусымда Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара кейінге қалдырылған болатын.