Соболенко енді Рыбакинаның басты қатері емес — маман пікірі
Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанды. Сарапшы оның қазіргі формасын жоғары бағалап, Соболенконы енді негізгі бәсекелес санамайтынын айтты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Финалда ол канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен ұтып, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Теннис сарапшысы Даниил Агарков Рыбакинаның бұл табысын қалыпты нәтиже деп бағалап, қазіргі сәтте оның кез келген жеңілісі тосынсый болатынын айтты. Оның пікірінше, егер Ига Швентек пен Марта Костюк жарақатсыз болғанда, олар ғана Еленаға айтарлықтай қарсылық көрсете алар еді.
Маман финалдың біржақты өткеніне де таңғалмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, Рыбакина тәжірибесі мол теннисші, ал хард төсенішінде өзін ерекше сенімді сезінеді.
Сарапшы Еленаның алдағы Токиодағы WTA 500 турниріне қатысатынын да тілге тиек етті. Егер ол жарысқа толық дайын болса, онда оны жарыстың басты фавориті деп санауға болатынын айтты.
Агарковтың айтуынша, Рыбакина маусым қорытындысы бойынша бірінші ракетка мәртебесін сақтап қалады. Ол сондай-ақ Соболенконы қазақстандық теннисшіге енді нақты қауіп төндірмейді деп есептейді.
«Соболенконы енді жоқ деуге болады. Менің ойымша, Рыбакина, Носкова, Гауфф — үшеуі бір деңгейдегі фавориттер».