Жаңалықтар

Қазақстан Азия Пара ойындарының медаль кестесінде тоғызыншы орын алды

Аичи мен Нагоядағы Азия Пара ойындары-2026 аяқталып, Қазақстан жалпыкомандалық есепте тоғызыншы сатыдан көрінді. Қоржынымызда 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медаль бар.

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өткен Азия Пара ойындары-2026 мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы да өнер көрсетіп, жалпы есепте тоғызыншы орынға ие болды.

Қорытындысында қазақстандық спортшылар 50 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 16 күміс және 22 қола. Осы нәтижемен Қазақстан медаль кестесінде үздік ондыққа енді.

Бірінші орынды Қытай иеленді — олардың қоржынында 435 медаль болды: 207 алтын, 117 күміс және 111 қола. Екінші сатыға Жапония көтерілсе, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Медаль кестесінің алғашқы ондығы мынадай болды: 1. Қытай — 207-117-111, 2. Жапония — 64-60-62, 3. Өзбекстан — 45-49-51, 4. Үндістан — 30-35-49, 5. Оңтүстік Корея — 29-38-33, 6. Иран — 26-36-40, 7. Тайланд — 19-40-66, 8. Индонезия — 15-21-37, 9. Қазақстан — 12-16-22, 10. Сауд Арабиясы — 8-8-1.

Айта кетейік, Қазақстан атынан бұл жарысқа 12 спорт түрі бойынша 150 спортшы қатысты.