Күрес

Дана Уайт Волкановски мен Гейджи жекпе-жегін жоққа шығармады

UFC президенті Дана Уайт болашақта Александр Волкановски мен Джастин Гейджи арасындағы айқастың өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта ұйымдастырылуы ықтимал.

UFC президенті Дана Уайт австралиялық Александр Волкановски мен америкалық Джастин Гейджи арасындағы жекпе-жек алдағы уақытта өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Волкановски қазіргі таңда UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы болса, Гейджи 70 келіге дейінгі салмақтағы белбеудің иегері саналады.

Кездесу жеңіл салмақта ұйымдастырылуы ықтимал. Алайда әзірге жекпе-жектің нақты уақыты мен шарттары жарияланған жоқ.