Исхар Құрбаев әлем чемпионатында өзбек чемпионын ұтты
Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Исхар Құрбаев 1/8 финалда жеңіске жетті. Ол өзбекстандық Ихтиёр Ботировты 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Исхар Құрбаев кезекті белесін еңсерді.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Құрбаев 1/8 финалда Өзбекстанның өкілі, Азия чемпионы Ихтиёр Ботировпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Исхар жарысты жалғастырып, медаль үшін күресін сақтап қалды.
Бұған дейін Құрбаев алғашқы айналымда жапониялық Кагетора Окамотоны жеңген еді.
2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.