2021 жылғы US Open чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Даниил Медведев Қазақстанның Алматы қаласында өтіп жатқан АТР-250 турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда оның қарсыласы, қазақстандық теннисші Александр Бублик алғашқы сеттен кейін ойынды жалғастырудан бас тартты.
Сол сетті Медведев 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтаған еді. Осыдан кейін Бублик матчты тоқтатты.
Осылайша, Медведев турнирдің шешуші кезеңіне шықты.