Үлкен теннис

Елена Рыбакина Нинбо турниріндегі финал алдында жазба жариялады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінің финалына шыққаннан кейін әсерімен бөлісті. Жартылай финалда ол ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыққаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Жартылай финалда Рыбакина ресейлік Диана Шнайдерді, WTA рейтингінде 13-орында тұрған теннисшіні, 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Ойыннан соң ол инстаграмдағы парақшасына осы кездесуден бірнеше сурет жүктеді.

«Нинбо, тағы бір матч. Финал ертең!»

Осылай деп қысқа ғана жазба қалдырған қазақстандық спортшы турнир шешуші кезеңіне дайын екенін аңғартты.

Финалда Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Фернандес қазір WTA рейтингінде 30-орында тұр.