Үлкен теннис

Елена Рыбакина Токиода өтетін WTA 500 турнирінің басты жұлдызы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтетін WTA 500 Toray Pan Pacific Open турниріне қатысушылар тізімінде басты есім ретінде жарияланды. Жарыс 26 қазан мен 1 қараша аралығында ашық корттарда өтеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиода өтетін WTA 500 санатындағы Toray Pan Pacific Open турнирінің қатысушылар тізімінде басты жұлдыз ретінде аталды.

Рыбакинадан бөлек, жарысқа Польшаның өкілі Мая Хвалиньска, ресейлік Диана Шнайдер, швейцариялық Белинда Бенчич, бельгиялық Элизе Мертенс, филиппиндік Александра Эала және ресейлік Екатерина Александрова секілді теннисшілер де қатысады.

Турнир 26 қазан мен 1 қараша аралығында Токиодағы ашық корттарда өтеді.