Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиода өтетін WTA 500 санатындағы Toray Pan Pacific Open турнирінің қатысушылар тізімінде басты жұлдыз ретінде аталды.
Рыбакинадан бөлек, жарысқа Польшаның өкілі Мая Хвалиньска, ресейлік Диана Шнайдер, швейцариялық Белинда Бенчич, бельгиялық Элизе Мертенс, филиппиндік Александра Эала және ресейлік Екатерина Александрова секілді теннисшілер де қатысады.
Турнир 26 қазан мен 1 қараша аралығында Токиодағы ашық корттарда өтеді.