Футбол

«Бавария» бапкері Венсан Компани шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

«Бавария» бас бапкері Венсан Компани жаттығу кезінде есінен танып, жедел жәрдеммен ауруханаға апарылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

«Баварияның» бас бапкері Венсан Компани шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

40 жастағы бельгиялық маман команда жаттығуы кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оған дереу жедел жәрдем шақырылып, Компани ауруханаға жеткізілді. Клубтың жаттығу базасында құтқару тікұшағы да кезекшілік еткен.

Дәрігерлер бапкердің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Бұған дейін Компани вирус жұқтырып, «Баварияның» «Арсеналға» қарсы Чемпиондар лигасындағы матчына дейін өткен баспасөз мәслихатына және екі жаттығуға қатыса алмаған еді. Соған қарамастан, ол сол ойында бәсекені стадионнан тамашалаған.