Волкановски – Евлоев жекпе-жегінің уақыты мен көрсетілімі белгілі болды
Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирінде Алекс Волкановски мен Мовсар Евлоев чемпиондық белбеу үшін бақ сынайды. Жекпе-жек қазақ уақытымен шамамен 00:20-де басталады.
24 мен 25 қазанға қараған түні Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 333 турнирінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл жекпе-жекте австралиялық Алекс Волкановски мен ресейлік Мовсар Евлоев октагонға шығады.
Тікелей трансляция шамамен Қазақстан уақытымен 00:20-де басталады. Көрсетілім UFC-дің ресми сайтында қолжетімді болады.
Волкановски бұл кездесуде өз белбеуін қорғайды. Ол титулды 2025 жылдың сәуірінде бразилиялық Диего Лопесті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп алған еді.
Қаңтар айында өткен қарымта кездесуде де Алекс Волкановски жеңіске жетті. Ал Мовсар Евлоевтың соңғы айқасы биыл наурызда өтіп, ол англиялық Лерон Мерфиді төрешілердің көпшілік даусымен ұтқан болатын.