Жаңалықтар

Қазақстан пара жүзуден Азия Пара ойындарында күміс жүлде алды

Қазақстан пара жүзу құрамасы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өткен V Азия Пара ойындарында күміс медаль иеленді. Команда 4×50 метрлік аралас эстафетада екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан пара жүзуден V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Жарыс Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатыр.

Ұлттық құрама 4×50 метрлік еркін стильдегі аралас эстафетада екінші орын алды. Қазақстандықтар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті.

Команда сапында Наталья Звягенцева, Айсултан Күлкеев, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Бұл сында Қытай құрамасы жеңіске жетіп, мәрені 2 минут 25,22 секундта кесті. Ал Таиланд спортшылары 2.54,64 нәтижесімен қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 42 медаль бар: 10 алтын, 13 күміс және 19 қола.