Күрес

Қазақстан Астанада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына құрамын жариялады

Қазақстан күрес федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін жариялады. Турнир 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді.

Қазақстан күрес федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатына баратын құрамды жариялады. Жарыс елорда Астанада өтеді.

Еркін күресте Қазақстан намысын мына балуандар қорғайды: 57 кг — Мейрамбек Картбай, 61 кг — Асыл Айтакын, 65 кг — Дастанбек Осимжан, 70 кг — Санжар Досжанов, 74 кг — Нұрқожа Қайпанов, 79 кг — Шамсат Таир, 86 кг — Болат Сақаев, 92 кг — Азамат Дәулетбеков, 97 кг — Ризабек Айтмұхан, 125 кг — Едіге Қасымбек.

Грек-рим күресінде 55 кг салмақта Исхар Құрбаев, 60 кг — Айдос Сұлтанғали, 63 кг — Мейрамбек Айнагулов, 67 кг — Бағдат Сабаз, 72 кг — Алматбек Аманбек, 77 кг — Мерей Маулетканов, 82 кг — Ибрагим Магомадов, 87 кг — Нұрсұлтан Тұрсынов, 97 кг — Ислам Евлоев, 130 кг — Олжас Сырлыбай сынға түседі.

Әйелдер күресінде Қазақстан атынан 50 кг — Зейнеп Баянова, 53 кг — Айнұр Әшімова, 55 кг — Лаура Алмағанбетова, 57 кг — Алтын Шағаева, 59 кг — Нилуфар Раимова, 62 кг — Ирина Кузнецова, 65 кг — Бейбіт Сейдуәлі, 68 кг — Ирина Казюлина, 72 кг — Жәмиля Бақбергенова, 76 кг — Гүлмарал Еркебаева өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Белдесулерді «Барыс Арена» қабылдайды. Тоғыз күн ішінде 135 елден келген 900-ден аса үздік балуан 30 медаль жиынтығын сарапқа салады.