Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихында алғаш рет мансап бойы тапқан жиынтық табысы 2 миллиард доллардан асқан ойыншы болды.
41 жастағы форвард сонымен бірге әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылар тізімінде бірінші орынға шықты. Оның 2026/2027 маусымындағы табысы 300 миллион долларға бағаланған: 250 миллионы клубтағы жалақысынан, тағы 50 миллионы жарнамалық келісімдер мен өзге де коммерциялық жобалардан түседі.
Екінші орында аргентиналық Лионель Месси тұр. Оның болжамды табысы — 145 миллион доллар. Үздік үштікті француз Килиан Мбаппе түйіндеді — 100 миллион доллар.
Forbes нұсқасы бойынша ең жоғары табыс табатын 10 футболшы:
1. Криштиану Роналду — 300 миллион доллар2. Лионель Месси — 145 миллион доллар3. Килиан Мбаппе — 100 миллион доллар4. Эрлинг Холанд — 85 миллион доллар5. Винисиус Жуниор — 76 миллион доллар6. Ламин Ямаль — 55 миллион доллар7. Садио Мане — 54 миллион доллар8. Джуд Беллингем — 45 миллион доллар9. Харри Кейн — 42 миллион доллар10. Мохамед Салах — 40 миллион доллар
Forbes есебі алаңдағы еңбекақы мен коммерциялық кірістерді, бірақ салықтар мен агенттік төлемдерді қоспайды. Рейтингке енген он футболшының жиынтық болжамды табысы 942 миллион долларды құрайды.