weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дэвид Бенавидес 5 желтоқсанда үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Америкалық боксшы Дэвид Бенавидес пен польяк Михал Цесляк бірінші ауыр салмақта біріктіру жекпе-жегін өткізеді. Кездесуде WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Дэвид Бенавидес 5 желтоқсанда үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады Дэвид Бенавидес 5 желтоқсанда үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Sports.kz

Америкалық боксшы Дэвид Бенавидес пен поляк Михал Цесляк бірінші ауыр салмақта біріктіру жекпе-жегінде кездеседі.

Бұл айқас 5 желтоқсанда АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өтеді. Жекпе-жек барысында WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Бенавидес бұған дейін екінші орта салмақ пен жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен. Енді ол бірінші ауыр дивизиондағы мансабын жалғастырып жатыр.

Екі боксшы да соңғы кездесулерін бірінші ауыр салмақта өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Бенавидес 2 мамырда рингке көтеріліп, крузервейттегі дебютінде мексикалық Хильберто Рамирестен WBA және WBO белбеулерін тартып алды, ал Цесляк 28 маусымда Канадада бұрынғы әлем чемпионы Жан Паскальді төртінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC уақытша титулын иеленді.

.

Көп оқылды:

.
.