24-25 қазанға қараған түні Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін UFC 333 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады. Бұл кездесуде ресейлік Петр Ян (20-5) грузиялық Мераб Двалишвилимен (21-5) қолғап түйістіреді.
Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 00:00-де басталып, UFC-дің ресми сайтында қолжетімді болады.
Петр Ян бұл кездесуде Двалишвилиден тартып алған чемпиондық белбеуін қорғайды. Ол қарсыласын желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 323 турнирінде төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Екі спортшының алғашқы айқасы 2023 жылдың наурызында өтіп, онда Двалишвили де төрешілердің бірауызды шешімімен басым түскен еді. Қазір Ян UFC-де қатарынан төрт жеңіске жетіп келеді, ал Двалишвили чемпиондық кездесудегі жеңіліс арқылы 14 жеңіс сериясын тоқтатты.