weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Марк Гуаль «Панатинаикосқа» қарсы матч пен КПЛ-дегі мүмкіндік туралы айтты

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Марк Гуаль Еуропа лигасындағы алдағы ойынға жоғары баға беріп, чемпионаттағы үміттің де әлі сақталып тұрғанын жеткізді. Испан футболшысы «Панатинаикос» секілді мықты қарсыласпен ойнау команданың өсуіне көмектесетінін айтты.

Марк Гуаль «Панатинаикосқа» қарсы матч пен КПЛ-дегі мүмкіндік туралы айтты Марк Гуаль «Панатинаикосқа» қарсы матч пен КПЛ-дегі мүмкіндік туралы айтты
Sports.kz

Алматылық «Қайраттың» испандық шабуылшысы Марк Гуаль УЕФА Конференциялар лигасының жаңартылған жалпы кезеңіндегі екінші турда гректің «Панатинаикосына» қарсы өтетін матч алдындағы ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, мықты командаларға қарсы ойнау футболшы үшін әрдайым қызық. Гуаль жеке өзі испан клубына қарсы түскенді қалар еді, бірақ «Панатинаикос» та Еуропаның топ командасының бірі екенін атап өтті.

«„Панатинаикос“ — шынымен жақсы команда, өте мәртебелі ұжым, титулдары көп. Бұл өте қиын ойын болады деп ойлаймын. Біз барынша жинақы болып, өзіміздің ең жақсы футболымызды көрсетуге тырысуымыз керек, сосын не болатынын көрерміз. Футбол — ақша мен бюджет туралы емес, алаңдағы 90 минут туралы. Бүгін жеңесің, ертең жеңілуің мүмкін. Бірақ біз өз алаңымызда қарсыласқа қиындық туғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді ол.

Гуаль үшін әлемдік деңгейдегі футболшыларға қарсы ойнау — үлкен мүмкіндік. Ол мұндай кездесулердің командаға тәжірибе жинауға және футболдан ләззат алуға жол ашатынын айтты.

«Чемпионатта бізде әлі де мүмкіндік бар, сол қарқында жалғастыра береміз. Конференциялар лигасында әр матч қиын. Біз алда не болатынын ойламауымыз керек. Бір ойыннан екіншісіне қарай қадам басамыз. Нәтиже қайда апаратынын, қай орында болатынымызды кейін көреміз. Біз алдын ала болжам жасамаймыз», — деді Марк Гуаль.

Шабуылшы биылғы маусымдағы голдар санына да тоқталды. Оның сөзінше, ол өз мүмкіндігін жақсы біледі және әр маусымда гол соғып жүргенін еске салды. Гуаль мұны жеке еңбегі мен жылдар бойғы тұрақты жұмысымен байланыстырды.

«Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы Конференциялар лигасының екінші тур матчы 22 қазан, бейсенбі күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу 19:30-да басталады. Бірінші турда алматылық клуб латвиялық «Ригамен» сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті, ал грек ұжымы өз алаңында босниялық «Борацты» 2:1 есебімен жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.