weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 2
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мераб Двалишвили UFC тарихындағы тейкдаундар рекордын жаңартты

Грузиялық жауынгер Мераб Двалишвили UFC ұйымы тарихындағы ең көп сәтті тейкдаун жасаған спортшы атанды. Оның еншісінде қазір 119 тейкдаун бар.

Мераб Двалишвили UFC тарихындағы тейкдаундар рекордын жаңартты Мераб Двалишвили UFC тарихындағы тейкдаундар рекордын жаңартты
Sports.kz

Грузиялық жауынгер Мераб Двалишвили UFC тарихындағы тейкдаундар саны бойынша рекорд орнатты.

Экс-чемпионның еншісінде қазір 119 сәтті тейкдаун бар. Осы көрсеткіш арқылы ол бұған дейін көш бастаған канадалық Жорж Сен-Пьерді басып озды. Сен-Пьердің қоржынында 90 тейкдаун болған.

UFC тарихындағы ең көп тейкдаун жасаған үздік бестікке сондай-ақ бразилиялық Глейсон Тибау, америкалық Клей Гвида және Деметриус Джонсон енген.

1. Мераб Двалишвили (Грузия) — 119 тейкдаун2. Жорж Сен-Пьер (Канада) — 903. Глейсон Тибау (Бразилия) — 84 тейкдаун4. Клей Гвида (АҚШ) — 78 тейкдаун5. Деметриус Джонсон (АҚШ) — 74

24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирінде Двалишвили жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион ресейлік Петр Янмен титул үшін трилогиялық жекпе-жек өткізеді. Бұған дейінгі алғашқы кездесуде жеңіс Мерабқа бұйырған, ал 2025 жылдың желтоқсанында UFC 323 турнирінде Ян қарымта қайтарып, төрешілердің бірауызды шешімімен чемпиондық белбеуді қайта алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.