Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Банкты жеңсе, екі салмақта әлем чемпионы атанбақ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бос тұрған WBO белбеуі үшін өтетін жекпе-жекке қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол алдағы кездесуде жақсы дайындалып, екі салмақта әлем чемпионы атануды мақсат етіп отырғанын айтты.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы непобедимый дат боксшысы Якоб Банкпен өтетін титулдық айқасқа алғаш рет үн қатты. Бұл жекпе-жек Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) екінші орта салмақтағы бос тұрған белбеуі үшін өтпек.

Әлімханұлы қарсыласын әбден зерттеп шыққанын және оның әлсіз тұстарын анықтағанын айтты. Енді негізгі міндет — тыңғылықты дайындалып, алдағы айқасқа толық әзір болу.

«Біз қарсыласымызды зерттеп, оның әлсіз жақтарын анықтадық. Енді жұмыс істеп, дұрыс дайындалатын уақыт келді. Ол өз жерінде жұдырықтасып, қолындағы барын салатынын білеміз! Жаңа салмақ дәрежесі. Жаңа деңгей. Құдай қаласа, үш айдан кейін мен екі салмақта әлем чемпионы боламын!» — деп жазды қазақ боксшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған. Кездесу Данияның Хорсенс қаласында өтуі тиіс.