weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
20 қазан, 2026 / SportRoom / Үлкен теннис 24
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көшін сақтап қалды

Жаңартылған WTA чемпиондық жарысында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бірінші орында тұр. Оның қоржынында 7502 ұпай бар.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көшін сақтап қалды Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көшін сақтап қалды
Sports.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпиондық жарыстың жаңартылған рейтингін жариялады. Көш басында Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина тұр.

Рыбакинаның еншісінде 7502 ұпай бар. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан — 6560 ұпай, ал үшінші сатыда ресейлік Мирра Андреева тұр, оның қоржынында 6306 ұпай бар.

Жаңартылған үздік ондықта жалғыз өзгеріс төменгі бөлікте тіркелді. Польша теннисшісі Ига Швёнтек 4189 ұпаймен тоғызыншы орынға көтеріліп, украиналық Марта Костюкты оныншы орынға ығыстырды. Костюктің еншісінде 3920 ұпай бар.

Итоговый турнирге жолдаманы Рыбакинадан бөлек Соболенко, Андреева, Джессика Пегула, Кори Гауфф, Элина Свитолина және Линда Носкова иеленді. Маусымның қорытынды жарысы қараша айында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.