Мерей Базарбаев жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Лас-Вегаста өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Мерей Базарбаев финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэге 7:0 есебімен ұттырмады.
Қазақстандық еркін күрес шебері Мерей Базарбаев Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 2026 жылғы 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Базарбаев жапониялық Дайто Кацумэге еш мүмкіндік бермей, 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің шешуші белдесуінде Түркия өкілі Бекир Кесермен алтын медаль үшін күреседі. Ал Дайто Кацумэ қола жүлдегер атанды.
Базарбаев бұған дейін жарыс барысында америкалық Люк Лилледальді және Франция өкілі Расул Галбураевты да жеңген еді.