weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ернар Хусаинов Ташкенттегі титулдық жекпе-жекте чемпион атанды

Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде қазақстандық Ернар Хусаинов ресейлік Валерий Особовты ұтып, бос тұрған чемпиондық белбеуді иеленді. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен аяқталды.

Ернар Хусаинов Ташкенттегі титулдық жекпе-жекте чемпион атанды Ернар Хусаинов Ташкенттегі титулдық жекпе-жекте чемпион атанды
Sports.kz

Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде Қазақстан өкілі Ернар Хусаинов пен Ресейден келген Валерий Особов титул үшін қолғап түйістірді.

Жекпе-жек бокс ережесімен, ММА қолғаптарында өтті және бес раундқа жоспарланды. Кездесу барысында төреші үшінші раундта Особовқа нокдаун санады.

Бірнеше мәрте алма-кезек өткен тартысты айқастың қорытындысында Хусаинов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Nomad FC ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуін иеленді.

Бұл жеңіс Ернар Хусаинов үшін Nomad Fighting лигасындағы алтыншы жеңіс болды. Оның қорытынды көрсеткіші енді — 5-2.

Ал Валерий Особов ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтады: ол дебютінде жеңіліп, рекордын 0-1-ге түсірді.

.

Көп оқылды:

.
.