weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Марсель Нурланбек уулы мен Ануарбек Бекембетов титул үшін жұдырықтасады

Қырғызстандық ММА шебері Марсель Нурланбек уулы қазақ файтері Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен BNF белдігі үшін жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Кездесу 5 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Марсель Нурланбек уулы мен Ануарбек Бекембетов титул үшін жұдырықтасады Марсель Нурланбек уулы мен Ануарбек Бекембетов титул үшін жұдырықтасады
Sports.kz

Қырғызстандық ММА жауынгері Марсель Нурланбек уулы IBA Nomad лигасының жаңа BNF титулы үшін қазақстандық Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен айқасатынын жариялады.

Жекпе-жек 5 желтоқсанда өтеді. Салмақ дәрежесі 70 келі болатыны айтылды.

Марсель Нурланбек уулы: «5 желтоқсанда Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен BNF белдігі үшін жұдырықтасамын».

Екі спортшының алғашқы кездесуі 2024 жылғы 13 шілдеде Алматыда өткен Hardcore MMA турнирінде болған еді. Ол айқас бірінші раундтың 41-секундында қырғызстандық файтердің жеңісімен аяқталған, ол қарсыласын ауырту әдісімен тізе бүктірген.

Бұған дейін Бекембетовтің өзі Марсельмен титулдық жекпе-жекке жеке келісімге келгенін растаған.

.

Көп оқылды:

.
.