weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Улан Нұрғали Ташкенттегі жекпе-жекте 53 секундта нокаутпен жеңді

Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде қазақстандық Улан Нұрғали өзбекстандық Бекмурод Турсунбоевты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Жекпе-жек бар болғаны 53 секундқа созылды.

Улан Нұрғали Ташкенттегі жекпе-жекте 53 секундта нокаутпен жеңді Улан Нұрғали Ташкенттегі жекпе-жекте 53 секундта нокаутпен жеңді
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Улан Нұрғали Ташкентте (Өзбекстан) өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Бекмурод Турсунбоевпен қолғап түйістірді.

Қос спортшы ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша жұдырықтасты. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді.

Алайда кездесу ұзаққа созылған жоқ: Нұрғали бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсіріп, бар-жоғы 53 секундта жеңісті өз пайдасына жазды.

Бұл нәтиже қазақстандық файтер үшін лигадағы алтыншы жеңіс болды. Ал Бекмурод Турсунбоев промоушндегі дебютін жеңіліспен бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Улан Нұрғали IBA Nomad лигасының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы атанған.

.

Көп оқылды:

.
.