weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шутов «Сибирьге» қарсы ойында бірінші жұлдыз атанды

Андрей Шутов ҚХЛ-дағы Новосібірдің «Сибирь» командасымен өткен сырт алаңдағы матчтың бірінші жұлдызы деп танылды. «Барыс» бұл ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Шутов «Сибирьге» қарсы ойында бірінші жұлдыз атанды Шутов «Сибирьге» қарсы ойында бірінші жұлдыз атанды
Sports.kz

Астаналық «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов Новосібірдің «Сибирь» командасымен өткен Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы матчтың бірінші жұлдызы атанды.

Кездесудің екінші жұлдызы болып «Барыс» шабуылшысы Мэйсон Морелли танылды. Ол 48-минутта тең құрамдағы ойында жалғыз шайбаны соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Үшінші жұлдыз атағы «Сибирь» қақпашысы Антон Красоткинге берілді. Матч 0:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы екі кезеңде есеп ашылған жоқ. Шешуші үшінші жиырма минуттықта астаналықтар алға шығып, басымдығын соңына дейін сақтап қалды. Шутов бұл ойында қақпасын таза ұстады.

«Барыс» келесі кездесуін 19 қазанда сырт алаңда хабаровскінің «Амурына» қарсы өткізеді.

.

Көп оқылды:

.
.