Чарльз Оливейра Пратестің Махачевті қалай жеңе алатынын айтты
Бразилиялық Чарльз Оливейра отандасы Карлос Пратес UFC чемпионы Ислам Махачевті тосыннан ұтатынына сенімді екенін жеткізді. Оның пікірінше, Пратес қарсыласын күтпеген сәтте қыспаққа ала алады.
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, қазіргі BMF белбеуінің иегері бразилиялық Чарльз Оливейра отандасы Карлос Пратестің жарқын жеңіске жететініне сенім білдірді.
Оливейраның айтуынша, Пратес жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Ислам Махачевті сенсациялық түрде ұтуы мүмкін.
«Застанет врасплох» деген ой айтқан Оливейра Пратес қарсыласын күтпеген жерден тығырыққа тірей алатынын меңзеді.