Мәзір
16 қазан, 2024 / Admin / Футбол

«Енді Қазақстанға келгіміз келмейді»: Словенияның бапкері неге шүйлікті?

Оның айтуынша, Қазақстан оларға алыс әрі қиын

«Енді Қазақстанға келгіміз келмейді»: Словенияның бапкері неге шүйлікті? «Енді Қазақстанға келгіміз келмейді»: Словенияның бапкері неге шүйлікті?
Jurij Kodrun/Getty Images. Суретте: Матьяж Кек

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстанға қарсы матчтан кейін пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

"Магомед Адиев бапкер болғанда Қазақстан жетістікке жеткен. Қазіргі бапкер Станислав Черчесов те мықты. Оның деңгейін Ресей ұлттық құрамасына қарсы ойнағанда көрдік. Енді Қазақстан құрамасын көтеретін шығар. Бірақ Қазақстанға қарсы бұдан кейін ойнағымыз келмейді. Алыс әрі қиын", - деді Матьяж Кек.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.