weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Умар Кремлев Хасанбой Дусматовтың келесі жекпе-жегі туралы айтты

IBA президенті Умар Кремлев қос дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың келесі айқасы желтоқсанда өтетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ташкентте чемпиондық белбеуді қорғау жекпе-жегін ұйымдастыру жоспарын айтты.

Умар Кремлев Хасанбой Дусматовтың келесі жекпе-жегі туралы айтты Умар Кремлев Хасанбой Дусматовтың келесі жекпе-жегі туралы айтты
Sports.kz

IBA президенті Умар Кремлев қос дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың келесі жекпе-жегінің уақыты мен өтетін орнын атады. Оның айтуынша, Дусматов желтоқсанда жұдырықтасады.

Кремлевтің сөзінше, одан кейін жекпе-жекті Өзбекстанда, нақтырақ айтқанда Ташкентте өткізу жоспарланып отыр. Онда Дусматов келесі жылы, жылдың басында титулын қорғайтын кездесуге шығуы мүмкін.

«Қазір дайындалып жатырмыз, Хасанбойдың дәл желтоқсанда жекпе-жегі болады. Одан кейін біз Өзбекстанда, Ташкентте, келесі жылы, жылдың басында Хасанбойға титулды қорғау кездесуін өткізгіміз келеді. Мүмкін, нокаут үшін “Гелендваген” ойнататын шығармыз», — деді Кремлев Ташкенттегі IBA Nomad 16 турниріндегі баспасөз мәслихатында.

Кремлев Астанада өткен IBA Nomad турнирінен кейін де Дусматов пен өзбекстандық тағы бір танымал боксшы Баходир Жалоловтың жекпе-жектерін ұйымдастыруға уәде берген еді.

Дусматов кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін 2025 жылдың 20 шілдесінде Қырғызстан астанасы Бішкекте өткізіп, филиппиндік Марк Антонионы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

.

Көп оқылды:

.
.