weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Еділ Қожамбердиев Умар Саламовтан техникалық нокаутпен жеңілді

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев пен ресейлік Умар Саламов IBF European белбеуі үшін өткен басты жекпе-жекте күш сынасты. Қорытындысында Саламов бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еділ Қожамбердиев Умар Саламовтан техникалық нокаутпен жеңілді Еділ Қожамбердиев Умар Саламовтан техникалық нокаутпен жеңілді
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (17-2, 17 КО) ресейлік Умар Саламовпен (33-2, 24 КО) бірінші ауыр салмақтағы IBF European титулы үшін өткен кештің басты жекпе-жегінде кездесті.

Титул иегері Саламов айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Шешуші сәт бесінші раундта тіркелді: ресейлік боксшы қарқынын күшейтіп, Қожамбердиевті бірнеше рет нокдаунға жіберді.

Раундтың соңына қарай ауыр соққыдан кейін қазақстандық боксшы тағы да тізерледі. Бұдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Саламовтың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осылайша, Умар Саламов IBF European белбеуін сәтті қорғап қалды. Ал Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы барлық 17 жеңісі нокаутпен келген.

.

Көп оқылды:

.
.