Үлкен теннис

Ига Швентек WTA тарихындағы ең жылдам төрттіктің қатарына кірді

Польшалық теннисші Ига Швентек Қытайдың Ухань қаласындағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға шығып, тарихи межеге жетті. Ол бұл нәтижеге небәрі 50 негізгі сетка турнирінде қол жеткізді.

Польшалық теннисші Ига Швентек Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алып, тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Ширек финалда Швентек америкалық Энн Лиді сенімді түрде ұтты. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Швентек мансабындағы 25-ші жартылай финалына жетті. Айта кетерлігі, ол мұндай деңгейдегі нәтижеге бар болғаны 50 негізгі сетка турнирінде қол жеткізген.

1990 жылдан бері Tier I және WTA-1000 санатындағы жарыстарда 25 жартылай финалға одан да жылдам жеткені бар-жоғы үш теннисші ғана болған. Олар — Штеффи Граф, Мартине Хингис және Моника Селеш.

Осылайша, Швентек бұл көрсеткіш бойынша төртінші орынға көтерілді.