weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ига Швентек WTA тарихындағы ең жылдам төрттіктің қатарына кірді

Польшалық теннисші Ига Швентек Қытайдың Ухань қаласындағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға шығып, тарихи межеге жетті. Ол бұл нәтижеге небәрі 50 негізгі сетка турнирінде қол жеткізді.

Ига Швентек WTA тарихындағы ең жылдам төрттіктің қатарына кірді Ига Швентек WTA тарихындағы ең жылдам төрттіктің қатарына кірді
Sports.kz

Польшалық теннисші Ига Швентек Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алып, тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Ширек финалда Швентек америкалық Энн Лиді сенімді түрде ұтты. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Швентек мансабындағы 25-ші жартылай финалына жетті. Айта кетерлігі, ол мұндай деңгейдегі нәтижеге бар болғаны 50 негізгі сетка турнирінде қол жеткізген.

1990 жылдан бері Tier I және WTA-1000 санатындағы жарыстарда 25 жартылай финалға одан да жылдам жеткені бар-жоғы үш теннисші ғана болған. Олар — Штеффи Граф, Мартине Хингис және Моника Селеш.

Осылайша, Швентек бұл көрсеткіш бойынша төртінші орынға көтерілді.

.

Көп оқылды:

.
.