Футбол

«Манчестер Сити» УЕФА санкциясына ұшырауы мүмкін, Хусанов клуб сапында ойнап жүр

Англияның «Манчестер Сити» клубына УЕФА тарапынан қатаң жаза қолданылуы мүмкін. Айыптар расталса, команда еурокубоктардан жеті жылдан он жылға дейін шеттетілуі ықтимал.

Англиялық «Манчестер Сити» клубы УЕФА-ның қатаң санкциясына тап болуы мүмкін. Клубтың қаржылық ережелерді бұзғаны жөніндегі шағымы қолдау таппаса, оған еурокубоктарға қатысуға тыйым салынуы ықтимал.

Журналист Сесар Аугусто Лондоньоның мәліметінше, тиісті шешім Англия Премьер-лигасы клубқа қатысты айыптарды ресми түрде бекіткеннен кейін жариялануы мүмкін. Қазіргі уақытта «Манчестер Сити» 115 қаржылық тәртіп бұзушылықтың 114-і бойынша айыпталып отыр.

Егер дисквалификация күшіне енсе, команда кем дегенде 2034 жылға дейін еурокубоктарда ойнай алмайды. Алайда клубтан чемпиондық атақтарын қайтарып алу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

«Манчестер Сити» сапында Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов өнер көрсетіп жүр. Осы маусымда ол клуб үшін жеті матчқа қатысып, нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.