weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейлік журналист «Барыстың» «Автомобилисті» ұтқан ойынын жоғары бағалады

Иван Невский астаналық «Барыстың» Екатеринбургтің «Автомобилисін» 4:1 есебімен жеңген кездесуіне пікір білдірді. Бұл жеңістен кейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді.

Ресейлік журналист «Барыстың» «Автомобилисті» ұтқан ойынын жоғары бағалады Ресейлік журналист «Барыстың» «Автомобилисті» ұтқан ойынын жоғары бағалады
Sports.kz

Ресейлік журналист Иван Невский астаналық «Барыстың» Екатеринбургтің «Автомобилисін» 4:1 есебімен жеңген ойынына тоқталды.

Оның айтуынша, Астанада соңғы уақытта төрешілікке қатысты әңгіме көп айтылып жүрсе де, команда алаңда да жақсы ойнап жүр. Невский кейбір эпизодтарда сұрақ туындайтынын жасырмады, бірақ мұндай жағдайлар көптеген кездесулерде кездесетінін атап өтті.

«Барыс» жақсы ойнады. «Сибирьмен» өткен матчта да жаман болмады, бірақ ол жерде өз қателері көп әсер етті. Бүгін сенімдірек ойнап, кей сәттерде төзім танытып, мүмкіндіктерін жақсы пайдаланды. «Автомобилист» ойын жағынан қыркүйекпен салыстырғанда жақсырақ көрінеді, бірақ бүгін оларға көбірек гол соғу қажет еді», — деді Невский.

Осы жеңістен кейін «Барыс» 18 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді.

Астаналық клуб келесі матчін 17 қазанда сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасына қарсы өткізеді.

.

Көп оқылды:

.
.