Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен канадалық Лейла Фернандес Цинциннати (АҚШ) қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сындағы финалында жеңіліске ұшырады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Олар шешуші матчта америкалық Эйжа Мухаммад пен жаңазеландиялық Эрин Рутлиффке қарсы ойнап, алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда, кейінгі сеттерде 1:6 және 4:10 есебімен жеңіліп, қарсыластарына есе жіберді. Матч 51 минутқа созылды.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жұптық санатында жеңіске жеткен спортшылар 154 160 доллар (шамамен 73 миллион теңге) көлемінде жүлде алады. Путинцева мен Фернандес жұбы турнирде 86 710 доллар (шамамен 41 миллион теңге) көлемінде жүлде қорына ие болды.