Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өзінің спорттық мансабында жаңа белеске жетіп, әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық рейтингінде елеулі серпіліс жасады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Жаңартылған рейтингте Путинцева бірден 199 сатыға көтеріліп, 94-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оның Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінің жұптық финалына күтпеген жерден шығуының арқасында мүмкін болды.
Айта кетейік, Юлия Путинцева канадалық серіктесі Лейла Фернандеспен бірге финалда ойнады. Алайда, ақтық сында олар америкалық Айша Мухаммад пен жаңазеландиялық Эрин Рутлиффке есе жіберді.