weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Уразбахтин «Қайраттың» Еурокубоктардағы мақсатын айтты

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Латвияның «Рига» клубына қарсы ойын алдында командадағы ахуал мен Еурокубоктардың маңызы туралы пікір білдірді. Ол бұл матчтарды ойыншылар үшін де, клуб үшін де маңызды тәжірибе деп атады.

Уразбахтин «Қайраттың» Еурокубоктардағы мақсатын айтты Уразбахтин «Қайраттың» Еурокубоктардағы мақсатын айтты
Sports.kz

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Латвияның «Рига» клубына қарсы сырт алаңдағы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында командасының дайындығы мен Еурокубоктардағы мақсат туралы айтты.

Бапкердің сөзінше, ұжымның көңіл күйі жақсы, жігерлі. Ол ойыншылармен бірге бұл кездесулерді футболшы, бапкерлер штабы және клуб үшін жаңа тәжірибе ретінде қабылдау керегін айтқанын жеткізді.

«Әркім бұл матчтарды өзін көрсетуге, қандай деңгейде ойнай алатынын дәлелдеуге мүмкіндік деп қарастыруы керек. Біз бұл ойындарға дәл сол тұрғыдан қарап отырмыз», — деді Уразбахтин.

Сонымен бірге ол «Қайраттың» мұндай турнирлерде болуының Қазақстан үшін де маңызды екенін атап өтті. Уразбахтиннің айтуынша, қазақстандық клубтар жыл сайын кемінде Лига Конференциясына қатысып, Еуропада тұрақты түрде тәжірибе жинауы тиіс.

«Рига» — «Қайрат» матчы бейсенбі, 15 қазанда өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 21:45-ке жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.