Мадияр Ашкеев Оразбек Асылкуловтың Азия ойындарындағы жеңіліс себебін түсіндірді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Ашкеев Оразбек Асылкуловтың 2026 жылғы Азия ойындарында неге сүрінгенін айтты. Оның пікірінше, салмақ ауыстыру мен физикалық дайындық шешуші рөл атқарған.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Ашкеев 2026 жылғы Азия ойындарында IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Оразбек Асылкуловтың күтпеген жеңілісіне қатысты ойын айтты.
Ашкеевтің сөзінше, 60 келі салмақта Асылкулов жаман жұдырықтасқан жоқ, бірақ физикалық тұрғыда аздап ұтылған. Себебі ол жақында ғана 55 келіден 60 келіге ауысқан боксшы.
«Физикалық тұрғыда бірінші раундта қарсыласынан сәл қалып қойды. Екінші раундта ол бірде жүгіріп жүрді. Үшінші раундта екі раунд ұтқан боксшы не істейді? Әрине, қашады. Сөйтіп алдап кетті. Бірақ бұл салмақта қазір бір нақты көшбасшы жоқ. Серікжан Теміржанов болды. Одан кейін Бейбарыс Жексен, енді міне Оразбекті қойды. Алғашқы нөмір Серікжан еді, бірақ бас бапкерлердің шешімімен бұл жарысқа Оразбек апарылды. Бапкердің өз көзқарасы бар, бәлкім, солай дұрыс деп шешкен шығар. Бірақ жекпе-жекте бәрі басқаша шықты», — деді ол.
Асылкулов Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жоғары рейтингке ие болғандықтан, ол жарыстың алғашқы айналымын өткізбей, бірден 1/8 финалға шыққан еді. Алайда 25 қыркүйекте Оңтүстік Корея өкілі Чан Дон Хванға қарсы шаршы алаңға шығып, сенсациялық түрде жарысты ерте аяқтады.
Бірінші раундта 2:3 есебімен сәл жеңілген қазақстандық боксшы кейінгі үш минуттық бөліктерде бастаманы толық ұстай алмады. Нәтижесінде төрешілердің бөлінген шешімімен 1:4 есебімен ұтылып қалды.