Хоккей

«Актөбе» қатарынан төртінші рет жеңіп, плей-офф аймағына кірді

Хоккейден «Актөбе» Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде «Бейбарысты» 2:1 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін команда сегізінші орынға көтеріліп, плей-офф аймағына енді.

Хоккейден «Актөбе» Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде «Бейбарысты» 2:1 есебімен ұтты.

Алғашқы кезеңде Алексей Козорез 3-минутта есеп ашты. Алайда Дмитрий Кандаков 18-минутта сан басымдығын пайдаланып, таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде қос команда да шайба соға алмады. Шешуші сәт соңғы жиырма минуттықта тіркелді: Максим Базанов 54-минутта жеңіс шайбасын енгізді. Ол да бұл голын көпшілікте соқты.

Осылайша, «Актөбе» чемпионаттағы жеңіс сериясын төрт ойынға жеткізді. Бұған дейін команда «Ертісті» екі рет ұтып, кеше «Бейбарыспен» өткен алғашқы кездесуде де жеңіске жеткен еді.

Бұл нәтиже «Актөбеге» тоғыз ұпай сыйлап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерді. Соның арқасында команда плей-офф аймағына енді. «Бейбарыс» сегіз ұпаймен тоғызыншы сатыға түсті.