Күрес

Айтбеков пен Ашрапов жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Лас-Вегаста өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов финалға жолдама алды. Екеуі де жартылай финалда қарсыластарын жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының грек-рим күресінің өкілдері Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов финалға шықты.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айтбеков жартылай финалда Украина өкілі Евгений Поковбамен белдесіп, жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол шешуші кездесуге жолдама алды.

72 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуф Ашрапов та жартылай финалда Түркия балуаны Ибрахим Оздемирден басым түсіп, әлем чемпионатының финалына өтті.

Енді Айтбеков алтын медаль үшін Әзербайжан өкілі Эльмир Әлиевпен, ал Ашрапов Армения спортшысы Гаспар Тертерянмен күш сынасады.