weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Стас Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісіне үлес қосты

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабахқа» Праганың «Славиясын» 2:0 есебімен ұтуға көмектесті. Бұл — клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі тұңғыш жеңісі.

Стас Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісіне үлес қосты Стас Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісіне үлес қосты
Sports.kz

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов әзербайжандық «Сабахтың» Праганың «Славиясын» жеңуіне көмектесті. Командалар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда Бакудегі Олимпиадалық стадионда кездесті.

Ойын 2:0 есебімен аяқталды. 49-минутта Кахим Пэррис Иван Лепиницаның пасынан кейін есеп ашса, 88-минутта Джой-Ланс Миккельс соңғы нүктені қойды.

Покатилов «Сабахтың» негізгі құрамында шығып, капитандық міндетін де атқарды. Ол толық матч ойнап, алты сейв жасады.

Осы жеңіс «Сабах» үшін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі тарихындағы алғашқы табыс болды. Бұған дейін команда алғашқы турда ағылшынның «Манчестер Юнайтедінен» 0:4 есебімен жеңілген еді.

Келесі ойында әзербайжандық клуб 20 қазанда Германияның «Боруссия Дортмунд» командасымен кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.