Әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы қазақстандық Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионаты іріктеу бәсекесінің ақтық сынына шықты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында отандасы, әлемнің 218-ракеткасы Бейбіт Жұқаевпен кездесті.
Үш сеттің нәтижесі бойынша Тимофей Скатов жеңіске жетті – 3:6, 7:6, 6:1.
Тимофей Скатов іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен кездеседі. Бұл матчта жеңіске жеткен теннисші АҚШ ашық чемпионатына жолдама алады.