Спорт журналисі Аслан Каженов Қазақстанның Жапонияда өткен Азиада-2026 ойындарындағы өнерін сәтсіз деп бағалады. Оның айтуынша, ұлттық құрама медаль кестесінде одан да жоғары орынға таласа алатын еді.
Каженовтің сөзінше, Қазақстаннан 28 алтын медаль күтілген, ал жалпы жоспар 96 жүлде болған. Алайда спортшылар бұл межеге жете алмады.
Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Ел жалпыкомандалық есепте 46 қатысушының ішінде 8-орынға тұрақтады. Осылайша, алтын медаль бойынша жоспар 16 жүлдеге кем орындалды.